Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 300-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЕКЕ КӘСІБІН АШТЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 300-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЕКЕ КӘСІБІН АШТЫ

31 қаңтар 01:00 1814

Өмірзақ Шөкеев Қазығұрт ауданы әкімінің 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстарының есебін тыңдады. Аудан басшысы Төлеген Телғараев өткен жылы қол жеткізген жетістіктерімен бөлісіп, биылға қолға алынатын жоспарларын ортаға салды. Ауданда шағын және орта бизнес бойынша 32 жоба жүзеге асып, «Жас кәсіпкер» жобасы нәтижелі жүзеге асқан.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 268 тұлға 921,5 млн. теңге несие алып өз кәсіптерін бастап, кәсіпкерлікпен айналысуда. Аудан бойынша 154 мүмкіндігі шектеулі жан бір жылда тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазығұрт ауданында туризмді дамыту қолға алынып, туристік нысандарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде делінді жиын барысында.

Отырыста басқарма басшылары ауданда атқарылған жұмыстардың бірқатар кемшілігін ортаға салды. Атап айтар болсақ, сала мамандары Қазығұрт ауданында ветеринарлық ахуалдың сын көтермейтінін айтып дабыл қақты. Бұл саланың биылдан бастап ауыл шаруашылығы басқармасының қарамағына өтуіне орай, біраз аудандардың шикілігі шықты, дейді мамандар. Жүзеге аспай тұрған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласын сынға алып, мал шаруашылығы бойынша орындалмаған міндеттерді талқылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі