Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАН БІРНЕШЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ЖАБЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАН БІРНЕШЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ЖАБЫЛДЫ

23 мамыр 15:00 166

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын 282 адам жұқтырған.

Төтенше жағдайдың аяқталғаны қауіптің сейілгенін білдірмейді. Өкінішке орай, өңірде карантин талаптарының өрескел бұзылып жатқаны анықталып отыр.

Пандемияға қарсы сақтық шараларының сақталмауыТүркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралауы барысында анықталды.

Кейбірінде «Карантин іс-шараларын өзгерту туралы» жарияланған қаулы талаптары қадағаланбаған. Мәселен, қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарына тамақ жеткізу қағидатымен ғана жұмыс жүргізуге рұқсат берілген. Алайда, мониторинг жүргізу барысында Түркістан қаласының базар аумағында жылдам қызмет көрсететін 2 қоғамдық тамақтану орны және кәуапдайындау павильоны тұрғындарды қабылдап,адамдардың көп шоғырлануына жол бергені анықталды.

Тексеру қорытындысымен, кемшілікке жол берген қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Нұрбек Садықбекұлы шаһарда адам көп шоғырланатын орталық базар аумағындағы санитарлық ахуалмен де танысып, кәсіпкерлермен сұхбаттасты. Маска киіп, арнайы санитайзерлерден өту арқылы санитарлық талаптарды қадағалау ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екендігі ескертілді.

Қазіргі таңда облыс аумағында 121 мобильді топ қаулы талаптарының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізуде. Бүгінге дейін өңірде 413 нысан тексеріліп, түсіндіру шаралары жүргізілді. Санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізу жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі