Облыстық әкімдік

Облыс әкімі

ШӨКЕЕВ Өмірзақ Естайұлы

Өмірзақ Естайұлы 1964 жылы 12 наурызда ОҚО, Түркістан қаласында туған.

Еңбек жолын 1986 жылы ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Жоспарлау үрдістерін автоманттадыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған.

1988 – 2017 жылдары Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің аспиранты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика министрі, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрі, Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары, «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Бірінші орынбасары, «СамұрықҚазына» АҚ Басқармасының Төрағасы болып қызмет жасаған. 2017 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында қызмет атқарып келді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

АЙТМҰХАМЕТОВ Қосман Қайыртайұлы
Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысы Ерментау ауданы Бестөбе ауылында туылған. Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград облысы Селетин ауданы «Изобиль» совхозы 2-бөлімшенің жұмысшысы болып бастаған. 1983-2014 жылдары Целиноград облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байлынысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы «Астана поштамт» Астана қаласы филиалының бастығы, Астана қаласы «Горкоммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры, «Астана Горкоммунхоз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс директорының орынбасары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице – министрі, ҚР Ұлттық министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және жер ресурстары басқармасының төрағасы болып қызмет жасаған. 2014 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.



Облыс әкімінің орынбасары

МЫРЗАЛИЕВ Мейіржан Иябайұлы

Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы 4 қазанда туған. Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті (1998-2002) заңгер, Ломоносов ат. Мәскеу Мемлекеттік Университеті (2005-2006) экономист, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы (2010-2011), Дьюк Университеті (АҚШ, Дарем 2014-2016) – халықаралық саясат магистрі.

Құрылыс басқармасының бас маманы (2003-2005); Заң және әкімшілік бөлімінің бастығы (2005-2007) ; ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСІ: Индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы (2008-2009); Бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі (2009-2011); Мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013), ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ (IFC) (Вашингтон қ., АҚШ): Ауыл шаруашылығындағы бизнесті дамыту бойынша іс-тәжірибе (2015) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСІ: Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), Премьер-Министрдің кеңесшісі (2017). ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ: 2017 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Үйленген, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.


Облыс әкімінің орынбасары

АМАНБАЕВ Жолдымұрат Ермұханұлы

Жолдымұрат Ермұханұлы 1957 жылы 4 қазанда Ақтөбе облысында туылған. Алматы ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін үздік бітірген.

Еңбек жолын 1974 жылы Ақтөбе облысында Уркачев совхозының №1 фермасында жұмысшы болып бастаған. 1979-2018 жылдары ҚазССР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы Жоспарлау және нормативтік ғылыми-зерттеу экономикалық институтының экономисті, Алматы қаласында Жамбыл аудандық қаржы бөлімінің аға экономисті, Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары – мемлекеттік кіріс инспекциясының бастығы, Ақтөбе облысы бойынша салық басқармасында бөлімі бастығы, бастығының орынбасары, Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының басшысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаментінде бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық төлеушілермен жұмыс департаментінде бөлім бастығы, Ақтөбе облыстық қазынашылық, қаржы басқармалардың бастығы, Астана қаласы Қаржы департаменті басшысының орынбасары, Астана қаласының әкімдігі Астана қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры, «Қазагромаркетинг» АҚ басқарма төрағысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі болып қызмет жасаған. 2012 жылы Құрмет орденімен марапатталды. 2018 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келді.



Облыс әкімі аппаратының басшысы

ТҰРҒЫМБЕКОВ Әуелхан Елтайұлы

Ә.Е. Тұрғымбеков 1959 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, инженер-механик, инженер-экономист.

Еңбек жолын 1981 жылы Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инженер-технологы ретінде бастаған. 1983-1994 жылдары Ленгір аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы және хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, Шымкент облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы, Төлеби ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 1994-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары - ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі және аппарат басшысы, Шардара, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімі, «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2016 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі болып еңбек етіп келді. 2017 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.



Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы

Түркістан облысы әкімі аппараты Әдеп жөніндегі уәкілі

1957 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-электрик, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері.

Еңбек жолын 1981 жылы «Южказэнерго» аудандық басқармасының инженері қызметінен бастаған.

1982-1991жж. «Южказэнерго» аудандық басқармасының комсомол комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитеті ғылыммен айналысатын жастармен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі, Шымкент облыстық халық депутаттары атқару комитетінің референті, аға референті, Шымкент облыстық халық депутаттары атқару комитетінің жетекші маманы, бас маманы лауазымдарын атқарған.

1992-2017жж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени кешен бөлімінің жетекші маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі ішкі саяси талдау және насихаттау секторының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі ішкі саяси талдау және насихаттау секторының меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі идеологиялық жұмыс секторының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің консультант-инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы көлік, коммуникация және туризм департаменті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет департаменті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы индустрия, көлік және сауда департаменті көлік және коммуникация бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты кадрлар қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облысәкімінің бас инспекторы-кадрлар қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты кадрлық қызмет бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты персоналды басқару жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты персоналды басқару жөніндегі бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымдарын атқарған.

2018 жылы шілдеден – Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.

Байланыс телефоны: 8 725 2 55 14 27, 8 701 768 42 17, 8 777 768 42 17

Электронды пошта: a.alishev@ontustik.gov.kz, adep_uko@mail.ru