Әкімге өтініш

Армысыздар, әлеумет!

Менің жеке блогыма қош келдіңіздер!

Түркістан облысы Республиканың ең ірі аймақтарының бірі. 2 миллионға жуық халқы бар өңірдің әрбір тұрғынының мәселесі мен үшін маңызды.

Менің жеке блогым – облыс әкімі аппаратының ашықтығының тағы бір дәлелі. Бұл Түркістан облысының әрбір азаматы үшін, көптеген тосқауылдарға қарамай, өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, жаңа ақпараттармен бөлісе алатын, сонымен қатар, әкімдік жұмысындағы кемшіліктерді нақты көрсететін тиімді құрал болып табылады. Сіздердің қоғамдық ой-пікір арқылы жолданған арыз-шағымдарыңыз бен өтініштеріңіз әкімдік жұмысының шынайылығын көрсетеді.

Біздің арамызда байланыс орнап, Сіздердің ой-пікір, ұсыныстарыңызды жұмыс барысында мүмкіндігінше қолдануға, реттеуге, кемшіліктерді түзетуге пайдалы болады деп сенемiн.

Жалпы осы блог Сіз үшін ғана емес, біздің саланың дамуына мейлінше ықпал етеді деген ойдамын.

Сұрақты қалдыру үшін сілтеме арқылы өтіңіздер.... https://dialog.egov.kz/blogs/98305/welcome