Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Түркістан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналғансыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген.

Іс-шара жоспарын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында облыстыңбасқармалары менқала, аудан әкімдіктеріне белгіленген тәртіппен жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдап және жоспарда көзделген мерзімде ақпарат ұсынуды қаматмасыз ету тапсырылған.

Ағымдағы жылда Түркістан облысы әкімінің төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының екі отырысы өтті.

Комиссия отырыстарында қаралған өзекті мәселелер бойынша нақты хаттамалық тапсырмалар беріліп,орындау уақытында тұрақты бақылауға алынған.

Облыс басқармаларында және қала, аудан әкімдіктерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары заңнамада белгіленген тәртіппенжүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне өткізілген талдау нәтижелері бойынша түзілген талдамалық анықтамалар, мониторинг, іс-шаралар (семинар.дөңгелек столдар, түсіндіру)әзірленген стандарттарға тұрақты талдау жүргізіледі.

Атап айтқанда, 2019 жылы 3-ші тоқсан қорытындысы бойынша,Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулар саны – 89, Жүргізілген мониторингтер саны – 13, Өткізілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар саны (семинарлар, дөңгелек үстелдер)- 90.

Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлыққабайланысты қылмыстардың басым көпшілігі орын алған аудандар мен қалаларжәне сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалар анықталып,комиссия отырысында әкімдермен басшылар тыңдалды.

Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне жол берген басшылардың жеке жауапкершіліктері қаралып, 2019 жылдың 3-ші тоқсан қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын тиісті түрде жүргізбеген 16 лауазым иесіне тәртіптік шара қолданылып, мәжіліс хаттамаларымен осы бағытта жұмыстарды күшейту тапсырылған.

Есепті кезеңде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, жергілікті БАҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарында бүгінгі күнге дейін 258 мақала жарық көрген.

Қала, аудан орталықтарындағы және ауыл округтеріндегі орталық алаңдарда, халық көп шоғырланатын орындардағы сыртқы жарнама құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы 80 баннер мен бильбордтар орналастырылған. Сондай-ақ, ЛЕД-экран арқылы тұрақты көрсетілу қолға алынған.