Халықты әлеуметтік қорғау

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылдың

1 желтоқсанына іске асырылуы туралы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде2019 жылы 81 436 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 81 666 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан (100,2%).

Бағдарламаны жүзеге асыруға 23 132 397 мың теңге қаралды(республикалық бюджет –9 334 477,0 мың теңге, жергілікті бюджет (ТОХ)5 063 322,0 мың теңге, Ұлттық қор - 7 832 457,0 мың теңге, аудан, қалалық жергілікті бюджет – 902 141,0 мың теңге). Бөлінген қаржының16 429 385,5 мың теңгесі игерілген (71,02%).

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) 9446 адамды оқуға жолдау жоспарланған.

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 9-11 сынып бітірушілер, кәсіптік білімі жоқ, оқу орындарына түспеген 3 704 азаматты оқуға жолдау жоспарланған (оқу мерзімі орта есеппен 2 жыл 5 ай), нақты 3 401 адам оқуға жолданды (91,9%).

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5 742 адам жоспарланған, нақты 5 746 адам жолданды (100,0%).

Екінші бағыт (Жаппайкәсіпкерлікті дамыту) бойынша жалпы 12942 адам қамтамасыз ету жоспарланды, оның ішінде:

- 1 320 адам Бизнес-Бастау жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқуға жолдау жоспарланған, нақты 1 874 адам оқуға жолданып, 1 589 адам оқуды аяқтап сертификат алған (142%).

- 2 000 адамды шағын несиелеу жоспарланған (1832 адам ауыл тұрғындары, 168 адам қала тұрғындары), оның 1475 адамы шағын несиемен қамтамасыз етілді (73,7%) (1446 адам ауыл тұрғындары, 29 адам қала тұрғындары).

- 9 422 адамға грант беру жоспарланған, нақты 4595 адам грант алған (48,8%) (188 адам 100 АЕК, 4407 адам 200 АЕК);

- 200 қаржы ұйымдарының есебінен шағын несиелеу, нақты 151 адам шағын несиемен қамтамасыз етілді (75,5%).

Үшінші бағыт (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 59 048 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланды, нақты 64 424 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді (109,1%), оның ішінде:

- 43 557 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 45 545 адам жұмысқа орналасты (104,6%), оның ішінде тұрақты 45 545 орын;

- 1 452 адам жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамту жоспарланса, нақты 2415 адам жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасты (166,3%) оның ішінде тұрақты 1805 (74,7%), уақытша 610 орын (25,3%).

- 3 424 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 4426 адам (129,3%);

- 5 435 адам жастар практикасы, нақты 6635 адам (122%);

- 5 180 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстарға, нақты 5403 адам жолданды (104,3%).

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылдың 3 тоқсанына:

- жұмыссыздық деңгейі 5,1%;

- жастар жұмыссыздығы 4,2%;

- әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7% құрады.