Ішкі аудит

Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен

2019 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шаранәтижелері

Ішкі аудит қызметімен 2019 жылы мемлекеттік мекеме болып табылатын 4 және 1 квазимемлекеттік сектораудит объектілердің 2018 жылы атқарылғанқызметіне тиімділік аудиті жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 8 млрд. 461 млн. теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтар1 млрд. 791,2 млн. теңге,оның ішінде қаржылық бұзушылық 348,2 млн. теңге (оның 21,5 млн. теңге қалпына келтіруге, 30,9 млн. теңге бюджетке өтеуге жататын), рәсімдік бұзушылық 1 млрд. 442,9 млн. теңге.

Аудит объектісіне жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған, сондай-ақ мекемелердің қызметтерінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар жолданды.